Malim.kz
Қоғам

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

Сабина Асқарқызы

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы көшесінің кей бөлігі екі аптаға дейін ішінара жабылады, деп хабарлайды  Malim.kz.

Бұл туралы қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қала тұрғындары мен қонақтарын Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етеміз. 13-25 сәуір аралығында аталған учаскедегі қозғалыс жартылай жабылады. Осыған байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да бір жақты жүріспен қозғалады, - деп жазылған хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлау және жол қозғалысындағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары