Malim.kz
Қоғам

Атырау – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Арман Қайыпхан
Фото: ҚТЖ

Оқиға 13 шілде күні Қандыағаш – Ақтөбе теміржол учаскесінде тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кейін көз жұмған азаматтың пойызда жол жүру билетінсіз отырғаны анықталған.

Құзырлы органдардың мәліметінше, жолаушының кенеттен қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, азаматтың өліміне екі жақты пневмония себеп болуы мүмкін.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары