Malim.kz
Қоғам

Атыраулықтар Жайық жағасын топырақ салынған қаптармен биіктетіп жатыр

• Malim Админ

Атырауда Жайық өзені тасуы мүмкін деген қауіп бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Соған орай, қала халқы, еріктілер Жайық жағасын топырақ салынған қаптармен биіктетіп жатыр. Солардың бір тобы - Атырау ықшам ауданының тұрғындары.

Еріктілердің сөзінше, жұмыс басталған 3 күн ішінде 10 мыңнан астам қапқа топырақ салынған.

Оқи отырыңыз: БҚО-да Жайық өзені 10 метрге дейін көтерілуі мүмкін – әкімдік

Қоғамдық жұмысқа зейнеткерлер де, балалар да атсалысып жүр. Ықшам аудан тұрғындары еріктілерді керекті құрал-сайманмен қамтып, олардың ас-суын да әзірлеп жүр.

Жалпы, қала ішінде Жайық жағасын биіктету жұмыстары өзен бойының барлық аумағында жүріп жатыр.

Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН

Malim Админ
Автордың басқа материалдары