БҚО-да Жайық өзені 10 метрге дейін көтерілуі мүмкін – әкімдік

4 сәуірде мессенжерлер мен әлеуметтік желілерде Жайықтың 10 метрге дейін көтерілетіні жөнінде ақпарат тараған.

Malim Админ

  • 07.04.2024

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев 6 сәуірде мамандар болжамына сүйене отырып, Жайық өзені 10 метрге дейін көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Мой город" басылымының жазуынша, әдетте 8,5 метр қалаға қауіпті деңгей болып саналады.

Жайық және Шағын өзендеріндегі бөгеттерді бекітеміз. Топографиялық суретке түсірдік, оларды одан да қатты жасауға болады. БҚО төтенше жағдай департаменті 10-20 сәуірде су көтеріледі деп болжап отыр. Шарықтау шегі 15,16,17 сәуірде болады. Облыстағы 20-дан астам ірі компания 200 шақты техникасын берді, - деді Жандос Дүйсенғалиев.

Еске салсақ, 4 сәуірде мессенжерлер мен әлеуметтік желілерде Жайықтың 10 метрге дейін көтерілетіні жөнінде ақпарат тараған. Сол кезде "Қазгидромет" бөлімшесінің директоры Тілеген Шапанов ақпаратты фейк деп атаған, ал Төтенше жағдай департаменті облыс тұрғындарын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырған.

Аймақта қазір тасқыннан зардап шеккен тұрғындардан бір реттік көмекке өтініш қабылдап жатыр. Жергілікті бюджет осы мақсатқа 63 млн теңге бөлген.

Кейінгі мәлімет бойынша, облыс пен Орал қаласының алты ауданы жартылай суға кеткен. Тасқыннан 552 үй, 427 саяжай телімі зардап шеккен.

Жағдайды көрші Ресейдің Орынбор облысындағы Ириклы су қоймасынан судың жіберілуі қиындатып отыр. "Урал56" порталының жазуынша, Ириклы секундына 2170 текшеметр жылдамдықта су жіберіп жатыр. Орынбордағы Жайық деңгейі көтеріліп жатыр, Орскіде тағы бір бөгет бұзылды. Қаланың бір бөлігі су астында қалды.

Фото: Courtesy

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр