18 қыркүйекте Алматы мен Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар бағамы сәл өсті. Бірнеше күн қатарынан арзандаған АҚШ валютасының құны қайта жоғарылаған, деп Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 445,97 теңгеден сатып алып, 448,65 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 509,75 теңге, сату бағамы – 515,17 теңге. Ресей рублі 4,99–5,12 теңге аралығында саудалануда.
Астанада доллардың сатып алу бағамы 443 теңге, сату бағамы 450 теңгені құрады. Еуро – 509,13–519,13 теңге, рубль – 4,95–5,16 теңге.
Шымкентте доллар 445,85–447,88 теңге аралығында саудалануда. Еуроның бағамы – 509,85–516,65 теңге, ал рубль 5,04–5,11 теңге деңгейінде.
Айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары күн ішінде өзгеруі мүмкін.
Айта кетейік, 17 қыркүйектегі сауда қорытындысында доллар бағамы 444,91 теңгені құрап, бір күнде небәрі 8 тиынға өскен.