freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бұрынғы көңілді Данияр қайта оралады": Данияр Елеусінов ем қабылдап жатыр

Спорт
"Бұрынғы көңілді Данияр қайта оралады": Данияр Елеусінов ем қабылдап жатыр
Фото: НОК РК

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов денсаулығына байланысты ем қабылдай бастағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жағдайына тоқталып, жанкүйерлерін алаңдамауға шақырды. Оның айтуынша, қазір тек тамырға дәрі қабылдап қана қоймай, кешенді ем алып жатыр.

"Қазір ем қабылдауды бастадым. Тек тамырға дәрі алу емес, жалпы кешенді түрде емделіп жатырмын. Алла қаласа, бәрі жақсы болады деп ойлаймын", – деді ол.

Елеусінов бұған дейінгі жағдайларға мән бермеуге шақырып, көңіл күйіне қатысты да пікір білдірді.

"Сондықтан бұған дейін болған жағдайларға мән бермеңіздер. Біреуді ренжітіп қойған болсам, ауыр сөздер айтып қойған шығармын. Кімде болмайды? Менің жаман әдетім - эфирге шығып кету. Бірақ енді ондай болмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл дерттен арылуға байыппен кірісіп отырмын", – деді спортшы.

Ол жақын арада қайтадан қатарға қосылатынын жеткізді.

"Бәрі жақсы болады. Жақында қайта қатарға қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады", – деді Данияр Елеусінов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу