Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясындағы «Астана» мен «Қайрат» матчы алаңдағы тартыстан бөлек, командалардың бас бапкерлері арасындағы сөз қағысумен де есте қалды, деп Malim.kz. тілшісі, Ztb_sports-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуде алматылық «Қайрат» елордалық «Астананы» 1:0 есебімен жеңді.
Матч аяқталғаннан кейін «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қарсыласын «шапито» деп атаған. Бұған жауап берген «Астана» бас бапкері Григорий Бабаян қарсыласын «клоун» деп атады.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» чемпиондық бәсекедегі жағдайын жақсартты. Ал алматылық клубтың негізгі қарсыластарының бірі – шымкенттік «Ордабасы». Қазіргі нәтиже чемпиондық атақ үшін таластың одан әрі шиеленісе түскенін көрсетті.