Әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-нан күтпеген сыйлық алғанын көрсетті. Өнер иесіне Дубайдан жаңа iPhone мен үлкен гүл шоғы жеткізілген, деп хабарлайды Malim.kz.
Ерке Есмаханның айтуынша, ол менеджерімен бірге Астанаға KeshYOU тобының концертін көруге келген. Ал Raim Алматыда қалып, Муслимнің баскетбол ойынына баруды және екі кішкентай баламен бірге болуды жоспарлаған.
Алайда әнші қонақүйге келгенде күйеуінен тосынсый алған.

"Мен менеджеріммен Астанаға KeshYOU-дың концертін көруге келдім. Күйеуім Алматыда: Муслимнің баскетбол ойынына барамын, сосын екі кішкентаймен боламын деп үйде қалды. Отельге тосынсый етіп iPhone мен гүл жібереді деп мүлде ойламаппын", – деп жазды Ерке Есмахан.

Әнші смартфонның Дубайдан тікелей Астанаға жеткізілгенін де айтты.
"Сатылымның басталғаны кеше ғана, ал бүгін менің қолымда. Рахмет!" – деді ол.
Бұған дейін Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі сторисінде күйеуі Raim-ға қалжың аралас «саған вызов тастаймын» деп жазған еді. Жаңа сыйлықтан кейін әнші сол сөзін қайта еске алды.
"Соған қарағанда, вызовты дұрыстап тастаған болып тұрмын ғой", – деп әзілдеді өнер иесі.