freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Динара Сәтжан Тұрсен Алагузовты туған күнімен құттықтады

Шоу-бизнес
Динара Сәтжан Тұрсен Алагузовты туған күнімен құттықтады
Фото-коллаж: malim.kz/ instagram - dinarasatzhan

Тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан отбасылық досы Тұрсен Алагузовты 57 жасқа толуымен құттықтап, оған арнап жылы лебізін әлеуметтік желіде жариялады. Кәсіпкердің 57 жасқа толғанын атап өткен ол бұл жасты өмірдің ерекше кезеңі деп сипаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

"Меніңше, бұл – керемет жас. Көп нәрсеге қол жеткізген кезең: сүйікті бизнес, сүйікті жар, отбасы, балалар, шынайы достар, мүмкіндіктер және ең бастысы – өмір сүруге деген зор құлшыныс", – деп жазды Динара Сәтжан.

Ол Тұрсен Алагузовқа өмірді қызық әрі толыққанды өткізіп, алдағы уақытта жаңа жобалар мен идеялардың көп болуын тіледі.

"Алда бұдан да көп зауыттар, саяхаттар, идеялар, әдемі жобалар, отбасылық мерекелер және көзден жас аққанша күлетін сәттер болсын. Әр туған күн дәл осындай көңілді әрі жылы өтсін", – деді ол.

Сөз соңында Динара Сәтжан кәсіпкерге жаңа жасында бақыт пен жарқын сәттер тіледі. Тұрсен Алагузов – қазақстандық кәсіпкер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу