Астанада бойжеткеннің саусағы балмұздақ жасайтын аппаратқа қысылып қалып, оқиға орнына құтқарушылар шақырылды, деп Malim.kz тілшісі Halyqstan telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
112 пультіне Нұра ауданындағы дүкендердің бірінде қыздың саусағы балмұздақ дайындайтын аппаратқа қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары электр құралдарының көмегімен аппараттың бір бөлігін кесіп, қыздың саусағын босатты.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккен қызға медициналық көмек қажет болмаған.