freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Айсәуле Бақытбек Тұрсын Алагөзовтің ерекше сыйлығын көрсетті

Шоу-бизнес
Айсәуле Бақытбек Тұрсын Алагөзовтің ерекше сыйлығын көрсетті
Фото: Bairaq_Media

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек анасының жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке сыйға тартылған сирек Cadillac көлігін көрсетті, деп Malim.kz тілшісі, Bairaq Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгіме 1981 жылы шығарылған Cadillac de Ville көлігі туралы. Биыл бұл автокөлікке 45 жыл толған.

Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде көлікті көрсетіп, ерекше сыйлыққа таңданысын білдірген. Алайда Тұрсын Алагөзовке раритеттік Cadillac-ты кім сыйлағаны әзірге белгісіз.

Bairaq Media мәліметінше, АҚШ пен Еуропадағы аукциондарда осы үлгідегі Cadillac de Ville көліктері шамамен 6 мыңнан 25 мың долларға дейін бағаланады. Ал сирек кездесетін әрі көрмелік жағдайда сақталған нұсқаларының құны 35–45 мың долларға дейін жетуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу