Malim.kz
Әлем

Әуеге көтеріле сала апатқа ұшырады: Жолаушылар мінген ұшақта ел күтпеген ақау шықты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
видеодан скриншот

Сомалиде бортында 50 жолаушысы бар жолаушылар ұшағы Могадишо қаласынан Гуриэль бағытына ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Оқиға Үнді мұхиты жағалауына жақын маңда болған. Бұл жайт БАҚ пен әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

The Mirror басылымының жазуынша, әуе кемесінің апатқа ұшырауына техникалық ақау себеп болған. Экипаж ұшақты қайтадан әуежайға қондыруға тырысқанымен, қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Сомали Азаматтық авиация басқармасының директоры Ахмед Моаллим Хасан апатқа қарамастан, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері дер кезінде эвакуацияланғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар тарады. Кадрлардан жолаушылардың ұшақтан өздігінен шығып, апат болған жерден алыстап бара жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, экипаж бен жолаушылардың үйлесімді әрекет етуі адам шығынына жол бермеуге мүмкіндік берген.

Сомали билігі апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады. Авиация саласының мамандары техникалық ақаудың нақты себебін және осындай жағдайлардың алдын алу жолдарын зерттейтін болады.

Starsky әуе компаниясы жолаушыларға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін және тергеу барысында билікпен толық ынтымақтасатынын мәлімдеді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары