Malim.kz
Қоғам

"Әулетіміздегі үлкен қуаныш": Тоқтар Серік асыға күткен сүйінші хабарды айтты (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден. Суретте: Тоқтар Серік

Белгілі әнші Тоқтар Серік әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, деп Malim.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, туған бауыры Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр оқуын сәтті аяқтап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған.

Әнші жас түлекті маңызды белесімен құттықтап, оған ақ тілегін арнады.

"Бүгін біздің әулет үшін тағы бір жақсы қуаныш, тағы бір жақсы жаңалық. Туған бауырым Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр болашақ бастауыш мұғалім мамандығын тәмамдап, қолына дипломын алды. Алтыным, сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Құтты болсын. Алла жар болсын", – деп жазды Тоқтар Серік.

Желі қолданушылары да өнер иесінің қуанышына ортақтасып, Толайым Қадырды диплом алуымен құттықтады. Олар жас маманға алдағы еңбек жолында табыс пен сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, әнші Тоқтар Серік жақын достары Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиевпен құдандалы болуға қарсы екенін айтқан. Бұған дейін әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жастық шағындағы суретін жариялап, өткен күндерін еске алған болатын. 

Тоқтар Серік – ұлттық өнер мен эстраданы тоғыстырған әнші

Тоқтар Серік – қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар белгілі өнер иесі. Ол 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. Толық аты-жөні – Тоқтар Кәдірұлы Серік.

Өнерпаз көпшілікке әнші ретінде ғана емес, актер, термеші және домбырашы ретінде де танылған. Оның шығармашылығында лирикалық әндер ерекше орын алады. Тыңдарман жүрегінен орын алған туындылары арқылы ол қазақ эстрадасындағы дара болмысын қалыптастырды.

Тоқтар Серік 1999 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған. Өнер жолында Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Нұртас, Алтынбек Қоразбаев сынды танымал өнер өкілдерімен шығармашылық байланыста болды.

Әншінің еңбегі мемлекет тарапынан да бағаланды. Оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы беріліп, сондай-ақ мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Тоқтар Серіктің өнері ұлттық дәстүр мен заманауи эстраданы үйлестіре білуімен ерекшеленеді. Ол қазақ музыкасының дамуына үлес қосып жүрген танымал тұлғалардың бірі саналады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары