Malim.kz
Қоғам

Азаттық радиосын қолдауға арналған донат парақшасы іске қосылды

• Арман Қайыпхан

Баспасөз бостандығының дүниежүзілік күні қарсаңында Азаттық радиосының оқырмандары мен көрермендері редакция жұмысына қаржылай қолдау көрсете алатын арнайы парақша іске қосылды, деп  хабарлайды Malim.kz.

«3 мамыр – Баспасөз бостандығы күні біз оқырмандар мен көрермендердің RFE/RL жұмысына қаржылай қолдау көрсетуіне мүмкіндік беретін парақшаны іске қосуды ұйғардық», – деп мәлімдеді Азаттық радиосының жетекшісі Торокул Дооров.

Еске сала кетейік, RFE/RL (Radio Free Europe/Radio Liberty) – сөз бостандығы, адам құқықтары және демократиялық құндылықтарды насихаттайтын халықаралық медиакорпорация.

Наурыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп аталған ұйымды қамқорлығына алатын АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігін қысқарту туралы жарлыққа қол қойған еді.

Фото: RFE/RL

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары