Malim.kz
Әлем

БАӘ Иранға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды

Арман Қайыпхан
Фото: DW

Біріккен Араб Әмірліктері Ирандағы теңіз суын тұщыландыратын қондырғыға соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

БАӘ-нің жоғары лауазымды өкілі мұндай шабуыл болмағанын мәлімдеген.

Бұған дейін израильдік Ynet басылымы соққы Ирандағы тұщыландыру қондырғыларына бағытталғанын жазған еді. Басылымның дерегінше, Израиль мұны Тегеран билігіне берілген «ескерту сигналы» ретінде бағалаған.

Ал The Jerusalem Post ықтимал шабуыл Иран тарапынан зымырандар мен дрондардың ұшырылуына жауап болуы мүмкін екенін атап өткен. Associated Press агенттігінің мәліметінше, 8 наурызда БАӘ әуе қорғаныс жүйелері Иран аумағынан ұшырылған 17 зымыранның 16-сын атып түсірген. Соңғы зымыран теңізге құлаған.

Сонымен қатар Ираннан ұшырылған дрондардың басым бөлігі де жойылған. Алайда төрт ұшқышсыз аппарат БАӘ аумағына құлаған. Осы жағдайға байланысты елдің Қорғаныс министрлігі кез келген қауіпке «қатаң жауап беруге дайын» екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мухаммед бен Заид Әл Нахаян Иранның шабуылдары аясында елдің «соғыс жағдайында» екенін айтқан еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары