freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БАӘ президенті: Біз соғыс жағдайындамыз

Әлем
БАӘ президенті: Біз соғыс жағдайындамыз
Фото: Mikhail Sinitsyn/TASS/dpa/picture alliancе

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мухаммед бен Заид Әл Нахаян Иранның шабуылдары аясында елдің «соғыс жағдайында» екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның қақтығыс басталғалы бергі алғашқы мәлімдемесінен үзінділерді Abu Dhabi TV телеарнасы мен Emirates News Agency агенттігі жариялады.

Президент елдің қарулы күштеріне «осы соғыс кезіндегі» қызметі үшін алғыс айтып, қауіпсіздік құрылымдарының мемлекетке адал әрі абыройлы қызметін жоғары бағалады.

Сонымен қатар ол БАӘ-де тұратын шетелдік резиденттердің үлесін ерекше атап өтті.

«Біз соғыс жағдайындамыз және мен олардың алдында өз міндетімізді орындайтынымызға уәде беремін. Бұл жағдай бізге таңылды, біз өзімізді, отбасыларымызды және елімізді қорғау үшін әрекет етіп жатырмыз», – деді ол.

Бұған дейін Иран президенті көршілес елдерден кешірім сұраған еді.  Алайда Иран Пезешкианның кешіріміне қарамастан көрші елдерге шабуылдарын жалғастырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу