Балқаш қаласындағы кафелердің бірінде болған атысқа қатысты жанжалға қатысқан тұлғалар анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 21 мамыр күні түн ортасында таныс адамдар арасында ауызша жанжал туындап, ол травматикалық қару қолданылған төбелеске ұласқан.Оқиға салдарынан кафе даяшысы денеге өтпейтін оқ жарақатын алған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтаған. Қазіргі уақытта күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар полиция департаменті тергеу барысы Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Балқаш қаласындағы кафелердің бірінде таныс адамдар арасында жанжал шығып, соңғы атыспен аяқталғаны туралы жазған едік.