Malim.kz
Қоғам

БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының сыйлығы кімдерге беріледі

Сабина Асқарқызы
Akorda.kz

БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың жазуынша, жекелеген журналистер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Ерекше ескерерлік жайт, үміткерлерден 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Құжаттарды 2026 жылғы 10 маусымға дейін өткізуге болады.

Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді, сондай-ақ Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды БАҚ, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Әрбір БАҚ, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы. Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлердің және Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдардың өзін-өзі ұсынуына жол берілмейді, - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары