Malim.kz
Қоғам

Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

2026 жылғы 4 қаңтар күні сағат 12:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолының 0–158 шақырым аралығы
(Қазталовка елді мекенінен Жәнібек елді мекеніне дейін);

«Чапаев – Жалпақтал – Қазталовка – РФ шекарасы» автожолының 0–201 шақырым аралығы
(Чапай елді мекенінен Қазталовка елді мекеніне дейін);

«Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолының 4–104 шақырым аралығы
(Орал қаласынан РФ шекарасына дейін).

Жолдарды 2026 жылғы 4 қаңтар күні сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары