Malim.kz
Қоғам

Белгілі айтыскер Айбек Қалиев депутат болып сайланды

Арман Қайыпхан

«Алтын домбыра» иегері, «Айтыс ақтаңгері», ұстаз әрі ғалым Айбек Қалиев Арқалық қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Ол 2025 жылдың 26 қазанында өткен сайлауда қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп шыққан, деп хабарлайды Malim.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа депутат Арқалық қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында ресми түрде таныстырылды. Сайлау қорытындысын Арқалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арыстан Айтмағамбетов жария етті. Салтанатты рәсім барысында Айбек Қалиевке депутаттық куәлік пен төсбелгі табысталды.

Фото: turkystan.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары