Malim.kz
Қоғам

Белсенді Санжар Боқаев Алматыдағы "Студенттер сарайын" жөндеуді вандализмге теңеді

Айбын Атабай
kaztag.kz

Желіде қоғам қайраткері Санжар Боқаевтың видеосы жарияланды, онда ол ҚазҰУ аумағында орналасқан Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына сын айтты, деп хабарлайды Malim.kz. Ara media ютуб аранасына сілтеме жасап.   

Боқаев ғимараттың қасбетіндегі тас қабатының бұзылып жатқанын атап өтіп, бұл нысанның ауқымды реставрацияны қажет етпейтінін айтты. Ол мұны «вандализмнің тағы бір көрінісі» деп атап, сарайдың жақсы күйде екенін және әлі ұзақ уақыт бойы тұратынын жеткізді.

Еске сала кетсек, қаңтар айында Алматы қаласының Мәдениет басқармасы сарайға жүргізіліп жатқан реставрация заңсыз, әрі Алматы қаласы әкімдігімен келісілмеген деп хабарлаған болатын.

Боқаев бұған дейін де Алматыда салынып жатқан жолдар, жерасты өткелдерін жөндеу жұмыстарын сынға алған. Оның пікірінше, ортақ мәселе - бюджет қаржысын оңды-солды шашу. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары