Malim.kz
Қоғам

Бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Айбын Атабай
Әскербек Қаракөз / Kazinform

 Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыта көліктің барллық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы:

- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Келлеровка ауылы);
- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін);
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

Жолдарды бүгін сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы) және «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдар бүгін сағат 15:00-де ашылады деп жоспарланған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары