Malim.kz
Қоғам

Бишімбаев сотта Салтанат өзін «6,5 сағат психологиялық тұрғыда қинады» деп мәлімдеді

Malim Админ

Қуандық Бишімбаев тағы да сотта Салтанат Нүкенова өзін психологиялық тұрғыда азаптап, «болған жайтқа жеткізгенін» мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сағат 21.30-дан таңғы 6-ға дейін қаншама қорлады. Сіздер де мені түсініңіздер, жұбайыңыз киіміңізді жұлып, випте жалаңаш жүреді, сізді мас күйінде балағаттайды, өзіңіз сыйлаған зергерлік бұйымдарды лақтырады. Мұның бәрі сыйға тартылған еді. Бұл адамға деген қалыпты көзқарас па? – деді айыпталушы Бишімбаев кезекті жауап алу кезінде.

Бишімбаев «бұл жағдайда тек одан кек алғысы келгенін, 6,5 сағат бойы психологиялық тұрғыда азапталғанын» айтады.

Мені сондай жағдайға дейін жеткізді, – дейді ол.

Фото: Жоғарғы сот

Malim Админ
Автордың басқа материалдары