Malim.kz
Қоғам

Бишімбаевтің інісі: Қылмыс жасадым ба, білмеймін

Malim Админ

Бүгін Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті

Сотта Қуандық Бишімбаевтің інісі Бақытжан Байжанов та Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты өзіне тағылған айыпқа жауап берді.

- Мен шынымен де видеоны өшіруді сұрағанымды, сонымен қатар Салтанаттың телефонын үйіне апаруды өтінгенімді мойындаймын. Қылмыс жасадым ба білмеймін, бірақ ол кезде Салтанаттың өлім аузында жатқанын немесе қайтыс болғанын білмедім, - деп жауап берді.

Айта кетейік, Бақытжан Байжановқа 2 бап бойынша айып тағылған.

ФОТО: трансляциядан скриншот

Malim Админ
Автордың басқа материалдары