Malim.kz
Қоғам

Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Арман Қайыпхан

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Степногорск қалалық сотында ҚАЖ мекемесінің "ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңды қолдана отырып, сотталған Байжановтың жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ұсынысы қаралды.

Сотталған Байжановқа қатысты ұсыныс келесі негіздер бойынша қанағаттандырылды.

Біз бұған дейін Бақытжан Байжановтың жазасын өтеу мерзімі Степногорск қаласында қысқартылғаны туралы жазған едік.

Фото: Жоғарғы сот

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары