457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бишімбаев бауырының жазасын өтеу мерзімі қысқартылды

Бақытжан Байжановтың жазасын өтеу мерзімі Степногорск қаласында қысқартылды, деп хабарлайды «За нами уже выехали» телеграм арнасы.


Степногорск қалалық сотында Бақытжан Байжановтың рақымшылыққа байланысты жаза мерзімін қысқарту туралы өтініші қаралды. Ол процеске БАҚ-тың қатыспауын жөн көрді, бірақ судья Акишев бұл өтінішті қанағаттандырмады. Байжановтың жазасын өтеу мерзімінің аяқталуы – 2027 жылдың 18 шілдесі. Енді бұл мерзім үштен бір бөлікке қысқарады: сегіз ай сегіз күнге. Яғни, ол 2026 жылдың қараша айында босатылады, – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Аталған шешімге колония өкілдерінің берген мінездемесі мен талап-арыздардың толық өтелуі әсер еткені айтылды.

«Жазасын өтеу барысы оң сипатта. Сот үкімі бойынша талап-арыздар толық өтелген. Ұстау жағдайында бірінші оң мінез-құлық дәрежесіне ие, екі рет ынталандыру алған», – делінген мінездемеде.

Ақпаратқа сәйкес, прокурор да колония өкілдерінің ұстанымын қолдап, өтінішті қанағаттандыруды сұрады.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Салтанат Нүкенова жауыздықпен өлтірілген еді. Сот оны азаматтық некедегі күйеуі – Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырды. Экс-шенеуніктің туысы, «Гастро-орталықтың» директоры Бақытжан Байжанов ҚР ҚК 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылғы 26 маусымда апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бишімбаевтың адвокаттары Жоғарғы сотқа жүгінетіндерін айтты, ал Бишімбаев сот процесіне наразы болып, соттың біржақтылығын мәлімдеді.

Фото: Жоғарғы сот