Malim.kz
Қоғам

Биылдың өзінде пранк жасаған 24 адам жауапкершілікке тартылды

• Арман Қайыпхан

Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Ішкі істер министрлігі пранкерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның мәліметінше, пранкерлер «лайк пен қаралым үшін» әзіл-қалжыңның шеңберінен шығып кетуде.

«Авторлар ешкімге зиян келтірмейтін контенттің орнына агрессия, арандату, зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатыр», - дейді ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Жыл басынан бері 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары