Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» - 2025 Ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Биыл ұлттық бәйге 11 номинация бойынша өткізілді. Байқауға журналистерден 400-ден астам өтінім келіп түсті. Үміткерлер арасынан үздік жұмыстарды анықтау үшін тәжірибелі журналистер мен медиа-менеджерлерден құралған тәуелсіз қазылар алқасы жұмылды.
Нәтижесінде шорт-листке 44 номинант енді.
«ҮРКЕР» - 2025 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 7 қараша күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «ҮРКЕР» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.
Қазақстандық «ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін беріледі. Сыйлық талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.
Байқау ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс – шараның демеушілері – «Qazcontent» АҚ, «Қазақ газеттері» ЖШС және «Sport+» телеарнасы.
«ҮРКЕР» – 2025 Ұлттық сыйлығының номинанттары
Жылдың үздік сұхбаты:
Әсет Қали – «Айқын» газеті
Ризабек Нүсіпбек – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі
Бауыржан Карипов – Qaz365.kz ақпарат агенттігі
Тоғжан Ғани – «Время» газеті
Жылдың үздік репортажы:
Иван Сухоруков – Tengrinews.kz сайты
Ризабек Нүсіпбек – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі
Ольга Золотых – Zakon.kz сайты
Ләззат Құсаинова – Liter.kz сайты
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:
Тамара Вааль – Vlast.kz сайты
Мұрат Аяғанов – «Егемен Қазақстан» газеті
Бота Ибраева – Zakon.kz сайты
Көктем Қарқын – «Айқын» газеті
Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Алтынай Сағындықова – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі
Ерсін Мұсабеков – Ortalyq Qazaqstan газеті
Рыскелді Жахман – Inbusiness.kz ақпарат агенттігі
Майра Ерғали – «Атырау» газеті
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Балжан Смаилова – Inbusiness.kz ақпараттық агенттігі
Шапағат Әбдір – «Астана Ақшамы» газеті
Айнұр Шошаева – Kursiv қоғамдық-саяси медиасы
Илья Пащенко – «Казахстанская правда» газеті
Радиостанциядағы үздік жоба:
«Нысана» – «Шалқар» ұлттық радиоарнасы
«Ұрпақтар ұмытпайды» – 102 FM радиосы
«Еңбек адамы» - ORDA FM радиосы
«Тіл білімі, саясаты» – ALQA радиосы
Жылдың үздік фотосуреті:
Юрий Беккер – «Казахстанская правда» газеті
Игорь Бургандинов – «Казахстанская правда» газеті
Қуандық Төлемісов – «Актюбинский вестник» газеті
Алтынбек Қартабай – «Ар-Ай» газеті
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
- Zakon.kz
- Newtimes.kz
- Inbusiness.kz
- Adyrna ұлттық порталы
Үздік өңірлік БАҚ:
- «Астана ақшамы» газеті
- Life09 ақпарат агенттігі
- «Жаңақорған тынысы» газеті
- Lada.kz ақпарат агенттігі
Жылдың үздік подкасты:
Айқап
Qstar Group
«Қазақстан тарихы»
«Qalam»
Жылдың үздік YouTube-арнасы:
Tengri TV
Эксперты KZ
Aigerim Seifolla
The Фермер