Malim.kz
Қоғам

"Бізді тастап, көңілдесімен Дубайға кетті": Мөлдір Мұқан сұмдық шындықты жария етті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, әнші әрі режиссер Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жұбайымен арадағы қарым-қатынас пен отбасылық өмірдің шындығын алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мөлдірдің айтуынша, олардың он төрт жылдық некесінің созылуына басты себеп – үміт пен отбасыны сақтап қалуға деген талпыныс болған.

"Он төрт жыл бойы бар үмітім отбасымды сақтап қалу болды. Бес баламның жылағанын қаламадым. Тұрсынбек – жақсы әке. Бірақ арақатынасымызда үнсіздік басым болды. Көп нәрсе айтуға әлі ерте, бірақ бір нәрсені айта аламын – біз екі бөлек жолға кеттік. Бір күні Тұрсынбектен “Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?” деген хабарлама келді. Сірә, сол сәтті күткен сияқты. "Мөлдір бірінші арыз жазсын" деген ойы болған секілді. Сол себепті ажырасуға арызды өзім беруге тура келді. Себебі күйеуі бар әйелмін бе, әлде жоқ па – өзім де түсінбей қалдым", – деді Мөлдір Мұқан.

Әнші отбасындағы үнсіздік пен түсініспеушіліктің жылдар бойы жалғасқанын айтты.

"Үйде "Сөйлесейікші, досың болайын, әйелің ретінде қарамасаң да, әңгімелесейікші" дейтінмін. Бірақ ол үнсіз қалатын. Бұл тек екеуіміздің ғана емес, балаларымыздың да тағдырына әсер етті. "Мүмкін отбасымызды сақтап қалайық, берекемізді қайтарайық" деп талай рет айттым. Алғашқы жылдары ол да солай ойлайтын. Бірақ кейін бәрі өзгерді. Үйден жиі кетіп қалатын болды. Мен бұл тақырыпты қозғауға қорқатынмын – тағы кетіп қала ма деп. Соңында көндім. Алла сана берсін деп тіледім", – деді ол көзіне жас алып.

Мөлдір ауыр кезеңдерде күйзеліске түсіп, өмірден түңілген сәттерін де жасырмады.

"Жиырма төртінші қабаттан секіріп кетуге дайын болған кезім болды. Жүрегім қан жылады. Қатты қиналдым. Ол кезде "Біз бәрін бірге құрдық, қалай ажырасамыз?" дейтінмін. Ол да "Сен менің өсуіме себепкер болдың, сен жақсы адамсың" деп айтатын. Бірақ уақыт өте келе ол да өзгерді", – деді Мөлдір Мұқан.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары