Malim.kz
Қоғам

БҚО-да 16 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен шенеунік басқа жаққа көшіп кетіпті

Айбын Атабай
ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қаңтардың басында бірқатар ақпарат құралдарында Батыс Қазақстан облысында әкімдік қызметкері 16 жастағы қыз баламен жыныстық қарым-қатынасқа түсті деген ақпарат тараған еді. Әуел баста арыз полицияға 2026 жылдың 2 қаңтарында түскен. Сол күні қылмыстық іс қозғалғанымен, қыз бен анасы арызын қайтып алған соң, іс жабылған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Алайда, ішкі істер министрлігі мен жергілікті прокуратура «16 жастағы қыздың 57 жастағы шенеунікпен қаншалықты өз еркі аясында қатынасқа түскенін толық зерделеу үшін» істің қайта қаралатынын мәлімдеген еді.

Azattyq Rýhy шенеунік қандай қызмет атқарғанын және оның әрекетіне облыстағы Әдеп жөніндегі уәкіл не дейтінін білу үшін Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне ресми сауал жолдап, жауап алған. 

белгілі болғандай, шенеунік бір ауданның жер қатынастары бөлімін басқарған.

«Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы болған Әлібек Жүпілов 2026 жылдың 15 қаңтарында басқа елді мекенге қоныс аударуына байланысты өз еркімен атқарып жүрген лауазымынан босату жөніндегі өтінішіне сай қызметінен босады. Отбасылы, әйелі және  3 (2 қыз, 1 ұл) баласы бар. Жасы 57-де», - деп жауап берген әкімдік біздің сауалымызға.

Бірақ, облыс әкімдігінің өкілдері «дәл осы шенеуніктің ісін Әдеп жөніндегі уәкіл қарай ма» деген сұраққа жауап бермеген. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары