Malim.kz
Қоғам

БҚО-да әріптесі қағып кеткен құтқарушы көз жұмды

Алуа Әшірбекова
Фото: tengrinewskz

Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Миршат Халиуллин қаза тапты, деп Malim.kz тілшісі, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қатты түтін салдарынан қызметтік көліктің жүргізушісі әріптесін байқамай қалып, қағып кеткен. Ауыр жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаның 3 қыркүйекте Жәнібек ауданында болғанын мәлімдеді.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары