Malim.kz
Әлем

БҰҰ қаржылық дағдарыс қаупіне тап болды

Арман Қайыпхан
Фото: Juan BARRETO / AFP via Getty Images

Біріккен Ұлттар Ұйымы қаржылық күйреу қаупімен бетпе-бет келуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.  Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, егер ұйымға мүше мемлекеттер жарналарын толық әрі уақытында төлемесе, қаржылық ережелерді түбегейлі қайта қарауға тура келеді. Әйтпесе 2026 жылға арналған бюджет бағдарламасын толық көлемде орындау мүмкін болмайды. Бұл жөнінде БҰҰ-ға мүше елдерге жолданған ресми хатта айтылған.

Антониу Гутерриш БҰҰ-ның екі бірдей қиындыққа тап болғанын атап өтті: мемлекеттердің жарналарды төлемеуі және алынбаған қаражатты қайтару міндеттемесі.

Мәліметке сәйкес, 2025 жылы БҰҰ-ның қарызы рекордтық деңгейге — 1,6 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Бұған дейін, 2025 жылғы 2 мамырда, БҰҰ қаржылық қиындықтарға байланысты ауқымды қайта ұйымдастыруды қарастырып жатқаны хабарланған болатын. Reuters агенттігінің дерегінше, дағдарыс АҚШ тарапынан көрсетілетін қаржылай көмектің қысқаруымен де байланысты.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары