Malim.kz
Әлем

Чехия енді Украинаға қаржылай қолдау көрсетпейтінін мәлімдеді

Арман Қайыпхан
Ondrej Deml / IMAGO / Global Look Press

Чехия Украинаға қаржылай қолдау көрсету үшін қаражат бөлмейді. Бұл туралы елдің жаңа премьер-министрі Андрей Бабиш мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Біз ешқандай кепілдік бермейміз және ақша бөлмейміз. Біздің басқа мемлекеттердің қажеттіліктеріне жұмсайтын қаражатымыз жоқ», – деп сенбі күні оның сөзін Чехия телевидениесі келтірді.

Сондай-ақ Бабиш «Еуропалық комиссия Украинаға қаржыландырудың өзге жолдарын табуы тиіс» деп қосты.

Телевидение мәліметінше, Украинаны 2026-2027 жылдары қаржыландыру мәселесі 18-19 желтоқсанда өтетін Еуроодақ саммитінде талқыланады. Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша ЕО-ға мүше 27 елдің толық келісімі жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары