Malim.kz
Әлем

Чехия премьері: Еуроодаққа Путинмен келіссөз жүргізу керек еді

Арман Қайыпхан
Фото: Petr David Josek/AP Photo/picture allianсе

Чехияның премьер-министрі Андрей Бабиш еуропалық елдер Ресей президенті Владимир Путинмен диалогқа тым кеш оралуға шешім қабылдады деп есептейді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Еуропа елдері басшыларының Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей диалог жүргізуден бас тартуын сынға алды. Ол жексенбі, 18 қаңтарда, венгриялық Mandiner басылымына берген сұхбатында мұндай байланыстар үшін уақыт тым кеш болуы мүмкін деген алаңдаушылығын білдірді.

Бабиштің айтуынша, Украинадағы соғыс басталғалы бері еуропалық көшбасшылар Мәскеумен тікелей келіссөздерден қашқақтап келді, ал мұндай диалогты қолдаған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан сынға ұшырады.

«Енді, ақырында, Еуропаның да Путинмен тікелей келіссөз жүргізуі қажет екені жиірек айтыла бастады. Бірақ мәселе — бұған тым кеш емес пе?» — деді чех премьері.

Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуынсыз бейбіт реттеу мүмкіндігі іс жүзінде жоқ деген пікірін білдірді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары