Malim.kz
Әлем

Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

Аялдар Күнтуған

ВВС-дің қысқа-нұсқа жаңалықтары

– Таңертең Ресей Украинаға жаңа қанатты зымыранмен шабуыл жасады. Жарылыстар, атап айтқанда, Днепр мен Кременчугте болды. Салдары туралы әзірге толық ақпарат жоқ.

– Украинаның жеке энергетикалық компаниясы DTЭK мемлекеттік «Укрэнерго» компаниясының бұйрығымен Киевте, сондай-ақ Киев, Днепропетровск және Донецк облыстарында шұғыл түрде электр қуатын өшіретінін хабарлады. Компания мұның зымыран соққысына қатысы бар-жоғын айтпады.

– Ресейдің Ростов облысының басшысы Юрий Слюсар таңертең Константиновский ауданындағы белгілі бір өнеркәсіптік нысанға украиналық дрон «құлап», салдарынан өрт шыққанын хабарлады.

– Украин дереккөздері 20 қарашада орыстар Кураховта, оның оңтүстігінде, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында біраз ілгерілегенін айтады.

Фото: ВВС

Аялдар Күнтуған
Автордың басқа материалдары