Malim.kz
Қоғам

Демалыс күндері қар жауып, үсік жүреді

Malim Админ

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


Ертең солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр төпелеп, елдің шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын болып, қар жауады.  

Тек елдің батысында, солтүстік-батыс жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Ел бойынша жел күшейеді деп болжануда. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман түседі. 7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Фото:  yuzh-ural.ru  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары