Malim.kz
Қоғам

Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысы бар адамдарға үкім шықты

• Арман Қайыпхан

Шымкентте Арман Жұмагелдиевтің, яғни Дикий Арманның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz Otyrar сайтына сілтеме жасап.

Алты адамға бірнеше бап бойынша айып тағылған: «Қорқытып алу», «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу», «Қаруды заңсыз айналымға енгізу», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», «Заңсыз бас бостандығынан айыру» және «Өз бетінше билік ету».

Нәтижесінде, топтың төрт мүшесі 1 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемелерде өтейді.

Фото Depositphotos.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары