Қазақ киносы мен театр өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде түсірілген сұхбаты әлеуметтік желілерде тарады, деп Malim.kz тілшісі Arasha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазбада өнер майталманы елге белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов туралы жылы естелігін бөліседі. Оның айтуынша, екеуінің ара-қатынасы әзіл-қалжыңға толы болған.
"Нұрғали екеуміздің әзіліміз жарасқан. Кейде ол маған қалжыңдап: "Ей, мен сенен 5 ай үлкенмін" дейді. Сөйтіп, аға боп кетеді маған, ағалық сөзін айтады. Екеуміз бір уақытта консерваторияда оқыдық. Ол вокал факультетінде, актер факультетінде оқыдым. Мен жарым Майра екеуі бір курста оқыды. Сол жылдарды сағынамын", – деді Асанәлі Әшімов.
Айта кетейік, 5 қаңтар күні Нұрғали Нүсіпжанов та әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, туған күніне орай ағайын-туыс, өнердегі әріптестері мен шәкірттеріне алғысын білдірді.
"5 қаңтар – Алланың қалауымен дүние есігін ашқан күнім. Жарық дүниеге қазақ болып келіп, ұлтымның ұлы өнерінің бір кірпіші болып қалана алсам ол да бір Алланың жарылқағаны. Өнердегі үзеңгілестерім-аға дос, іні дос, шәкірттерімнің ақ жарма бата, тілектеріне разымын, аман жүргейсіңдер, алтындарым," – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.