7 желтоқсан күні сағат 11:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бірқатар учаскелерінде жүк көлігі және қоғамдық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақтөбе облысында:
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965–1240 км (Қарабұтақ кенті – Қызылорда облысы шекарасы) учаскесі.
Қызылорда облысында:
Осы автожолдың 1240–1362 км бөлігі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Жолды ашу болжамды уақыты — 7 желтоқсан сағат 18:00.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан білуге болады.