Malim.kz
Әлем

Электр энергиясы дауы: Украина Венгрия мен Словакияны айыптады

Арман Қайыпхан
Фото: Andrii Nesterewnko/Ukrainian Parliament Press Office /AP/picture alliance

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Словакия премьер-министрі Роберт Фицо мен Венгрия үкімет басшысы Виктор Орбан Украинаға электр энергиясын жеткізуді тоқтатуы мүмкін деген мәлімдемелерін «шантаж» деп бағалады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл талаптар Ресей мұнайын Дружба мұнай құбыры арқылы транзиттеуді тоқтатуға байланысты айтылған.

Украина СІМ-нің 21 ақпан, сенбі күні кешке жарияланған ресми мәлімдемесінде Братислава мен Будапештке «ультиматумдарды Киевке емес, Кремльге жолдауға» шақырды. Ведомствоның айтуынша, Ресейдің Украина энергетикалық инфрақұрылымына жаппай соққылары жалғасып жатқан және қысқы аяз күшейген жағдайда электр энергиясын жеткізуді тоқтату — жауапсыз қадам болып, бүкіл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Сонымен қатар Украина Венгрия мен Словакияға Ресейден тыс көздерден мұнай жеткізудің балама жолдарын ұсынғанын мәлімдеді

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары