Malim.kz
Қоғам

Елімізде Абай есімді 19 мыңға жуық адам бар

Айгүл Таңатар
https://turanews.kz/

10 тамыз – Абай күні. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы ұлы ақынның есімімен байланысты қызықты деректерді жариялады.
Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам бар.
Олардың ішінде:

Астанада - 2 186 адам;

Түркістан облысында - 2 008 адам;

Алматыда - 1 740 адам.
Абай есімді ең үлкен жастағы қазақстандық 1932 жылы дүниеге келген.
Абай есімі ең көп қойылған жас санаты - 30-34 жастағылар. Олардың саны - 3 267 адам.
Бұл есім бүгін де сәбилерге қойылып жүр. 2026 жылдың алғашқы жартысында 91 балаға Абай есімі берілген.
Қызығы, Қазақстанда Абай есімді 9 әйел де бар.
Ал Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген қазақстандықтардың жалпы саны - 37 844 адам.
Ұлы ақынның есімі еліміздің географиялық атауларында да бар. Қазір Қазақстанда Абай есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталады.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары