Malim.kz
Қоғам

Елімізде ауа райына байланысты жолдарға шектеу енгізілді

Арман Қайыпхан
Фото: ҚазАвтоЖол

ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ хабарлауынша, қар жаууы және көрінудің нашарлауы салдарынан бірқатар автожолдарға қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Толық жабылған жолдар:

Абай облысы: «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы (Бақты)» автожолы, Таскескен ауылына бұрылыстан «Алматы – Өскемен» автожолы арқылы Үржар ауылына дейінгі учаске.

Шектелген қозғалыс:

Ақтөбе облысы: «РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы)» автожолы, Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ – Ырғыз аралығы, тек жүк көліктері мен жолаушылар автобустарына.

Қазақстан ТЖМ жүргізушілерге ауа райын ескеріп, мүмкіндігінше жолға шықпауға және жол қызметтерінің ресми хабарламаларын бақылауға шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары