Malim.kz
Қоғам

Елордада ірі ұтыстар туралы хабарлайтын алаяқтық орталық жойылды

Сабина Асқарқызы

Астана қаласында азаматтарды алдап, жалған «жеңістер» туралы хабар таратқан алаяқтық колл-орталықтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды  Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, колл-орталық қаладағы бизнес-орталықтардың бірінде орналасқан.

 Олар өздерін «Техносмарт», «Байзон», «Like me shop» интернет-дүкендерінің қызметкері ретінде таныстырған және адамдарға ұтып алған көлігі, пәтерлері үшін салықтық төлемдер аудару қажеттігі жөнінде хабарлап отырған, – деп жазылған хабарламада.

Ведомство өкілдері жедел іс-шаралар жүргізу барысында кеңсенің алты қызметкері ұсталғанын айтты. Олардан жеті ноутбук, бағдарлаушы және Wi-Fi роутер тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда интернет-алаяқтар кеңсесі таратылып, 29 адам тергеуге алынған.

Фото: ІІМ

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары