Malim.kz
Қоғам

Енді тағы 438 блогерді тексереміз – министр

Арман Қайыпхан

Қазақстанның салық органдары 438 блогердің кіріс-шығысын тексереді. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, салықшылар 854 блогерге "72 млрд теңге көлемдегі ақшаны толық көрсетпеген" деп хабарлама жіберген. Олардың 394-і 11,8 млрд теңге салық төлеп қойған.

«Енді қалған 438 блогерге тексеріс ашайын деп жатырмыз. Олар төлемей жүр, сол үшін тексеріс ашамыз», - деді Тәкиев Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін шамамен 360 блогер 10,5 млрд теңгеге өз еркімен табысын растағанын жазған едік.

Фото: gov.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары