Malim.kz
Қоғам

Ер адам енесінің арқасында лотереядан жеңіске жетіп, бір күннің ішінде миллионер атанды

Мадияр Қапанбек
goodfon.ru

АҚШ-тың Огайо штатында тұратын ер адам көп жыл бойы сәтсіздікке ұшырап жүріп, ақыры лотереядан ірі ұтысқа ие болды. Бұл туралы People басылымы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

59 жастағы азамат жылдар бойы бірдей сандарды таңдап келгенін айтты. Оның сөзінше, бұл комбинация кездейсоқ емес: бір сан – немересінің туған айын, ал екіншісі – әкесінің және енесінің туған күнін білдіреді. Дәл осы күн – 26 ақпанда ол көптен күткен джекпотты ұтып алған.

"Кейде сәттілік қашан келетінін білмейсің", – дейді ол.

Сәттілік иесі 160 мың доллар (шамамен 13 миллион рубль) ұтып алған. Салықтарды төлегеннен кейін оның қолына 117 мың доллар (шамамен 9,6 миллион рубль) тиеді.

Ер адамның айтуынша, бұл ұтыс оның өміріне дәл уақытында келген. Қазір қызы тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр, сондықтан ол қаржылай қолдау көрсете алады.

Қалған қаражатты жеңімпаз алдағы 60 жылдық мерейтойына орай отбасылық саяхатқа жұмсауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жұбайымен бірге тағы бір сапар ұйымдастырмақ. Айта кетейік, ол бұған дейін өрт сөндіруші болып жұмыс істеген.

Бұған дейін Австралияда 19 жастағы жігіт ұлу жеп, 420 күнге комаға түскенін жазған едік.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары