Malim.kz
Әлем

Ер адам өзінің досы үшін мүгедектер арбасын ұрлап кетіп, түрмеге тоғытылды (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
Boop. Суретте: мүгедектер арбасы

Польшадағы Добре қаласында ер адам мас күйдегі досына көмектесу үшін өзгенің мүгедектер арбасын ұрлап, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Boop басылымының жазуынша, оқиға көпқабатты тұрғын үйдің маңында болған. Кіреберісте тұрған мүгедектер арбасы белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Кейін анықталғандай, оны бір адам велосипедіне байлап алып кетіп қалған. Келтірілген шығын шамамен 1700 злотый (шамамен 220 мың теңге) деп бағаланған.

Арбаның иесі бірден полицияға хабар берген. Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, куәгерлерден жауап алған. Нәтижесінде күдікті тез арада анықталып, ол 47 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында ер адам өз әрекетін пайда табу мақсатында жасамағанын айтқан. Оның сөзінше, досы қатты мас болып, өздігінен жүре алмағандықтан, оны үйіне жеткізу үшін осындай қадамға барған.

Алайда бұл түсініктеме оны жауапкершіліктен құтқармады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе, ер адам 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Италияда белгісіз адамдар 29 жастағы модель Памела Дженинидің мәйітінен басын ұрлап кеткенін жазған едік.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары