Италияда белгісіз адамдар 29 жастағы модель Памела Дженинидің мәйітінен басын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.
La Presse басылымының жазуынша, Дженини 2025 жылдың қазан айында қаза тапқан. Оның денесі уақытша Строцца зиратындағы табытта сақталған, себебі отбасы арнайы жерлеу рәсіміне арналған капелла құрылысын аяқтауды күткен.
23 наурыз күні марқұмның туыстары мәйітті жерлеуге дайындау үшін көшіруге келген. Сол кезде жұмысшылар табыт қақпағының дұрыс жабылмағанын байқап, күмәнданған. Қақпақ ағаш желімнің орнына силиконмен бекітілгені анықталған.
Полицияның қатысуымен табыт ашылғанда, марқұмның денесі бассыз күйде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, үш немесе төрт адам табытты ашып, Дженинидің басын кесіп алып кеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер іздестіріліп жатыр. Оларға жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Айта кетейік, Памела Джениниді 2025 жылдың 14 қазанында бұрынғы жігіті Джанлука Сончино өлтірген. Ол қызбен қайта қосылуды сұрап, қарсылық алған соң пышақпен шабуыл жасаған.
Оқиға орнына полиция келгенде, Сончино өзіне де жарақат салған. Алайда ол аман қалып, қазір қамауда отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та әйел құрамында шеге мен металл сынықтары болған балмұздақты жеп, ірі көлемде өтемақы алғанын жазған едік.
