Malim.kz
Әлем

«Еуропалық үштік» көшбасшылары мен Зеленскийдің кездесуі 2 сағатқа созылды

Арман Қайыпхан
Фото: Toby Melville/WPA/Getty Images

Лондондағы Даунинг-стрит, 10 резиденциясында Украина президенті Владимир Зеленский және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен жабық есік жағдайында екі сағатқа жуық келіссөз жүргізген Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Фридрих Мерц кездесуді аяқтап, Біріккен Корольдік үкімет басшысының резиденциясынан шықты, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Келіссөз қорытындылары әзірге жарияланған жоқ, бірақ ортақ жазбаша мәлімдеме жасалуы мүмкін екені айтылуда.

Төрттік форматындағы бұл кездесу өткен аптада АҚШ-тың Флорида штатында үш күн бойы жүргізілген украин және америкалық делегациялардың келіссөз нәтижелеріне арналды. Онда Вашингтон ұсынған соғысты аяқтау жоспары талқыланған. Алайда аумақтық мәселелер бойынша тараптар бір мәмілеге келмегенін Зеленский Лондондағы кездесу қарсаңында мәлімдеген.

Келіссөзден кейін Кир Стармер мен Владимир Зеленский жеке кездесу өткізуі тиіс. Осыдан соң Украина президенті Брюссельге ұшып, 8 желтоқсан, дүйсенбі күні кешке НАТО, Еуропалық одақ және Еуропалық комиссия басшыларымен жүздеседі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары