Malim.kz
Қоғам

Гвардейскідегі әскери бөлімде жанжал: командирлер қызметінен кетті

Арман Қайыпхан
Фото: Қорғаныс министрлігі

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен қатар лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру өткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша кадрлық шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылды.

Бұдан бөлек, әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес екені туралы ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жазалар қолданылды.

Қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан, дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидаты сақталатынын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мән-жайға түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға тергеу нәтижелері бойынша беріледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары