Malim.kz
Қоғам

ІІМ түнгі құттықтауларға қатысты ескерту жасады

Арман Қайыпхан
Фото: polisia.kz

Астана полициясы түнгі уақытта құттықтау шараларын өткізетіндерге ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Елордалық тәртіп сақшылары мереке күндері қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің жиілейтінін мәлімдеп, тұрғындар мен қала қонақтарын заң талаптарын сақтауға шақырды.

Полицияның хабарлауынша, азаматтар қоғамдық орындарда және тұрғын үйлер маңында өзгелердің тыныштығын бұзатын әрекеттерден аулақ болуы қажет.

Әсіресе түнгі уақытта отшашу ату, түрлі дабылдық құралдарды пайдалану тұрғындардың мазасын алып қана қоймай, қауіпсіздікке де қатер төндіруі мүмкін. Осыған байланысты құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтауды ескертті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары